Атырау, 25 қараша 20:37
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Царнаевтардың тағы бір танысы сотқа жалған айтқаны үшін 2,5 жылға сотталды

2 177 просмотра

Image 0Бостон соты лаңкестік ұйымдастырған ағайынды Царнаевтармен дос болған Қырғызстан азаматы Хайрулложон Матановты сотқа жалған түсініктеме бергені үшін 2,5 жылға соттады, деп хабарлайды BNews.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Үкім шығарылмас бұрын Матанов ФТБ қызметкерлеріне жалған түсініктеме бергені үшін кешірім сұрап, ешқандай лаңкестік ұйымдарды жақтамайтынын жеткізді.

2013 жылдың 19 сәуірінде Матанов өз еркімен полицияға келіп, ФТБ жария еткен фотосуреттердің ішінде таныстарын, ағайынды Царнаевтарды, танығанын айтып берген. Алайда ол аталған жігітерді жақсы танығанын және жарылыстан кейін оларға түскі ас алып бергенін жасырып қалған. Матановқа жарылысқа қатысы бар деген айып тағылған жоқ.

Матанов наурыз айында өз еркімен өз кінәсін мойындаған болатын. Егер ол сот шешіміне кінәлі деп танылғанда, 20 жылға дейін түрмеге тоғытылар еді. Сотталушыға жазасын жеңілдетілген режимдегі түзету мекемесінде өтеп, білім алуын жалғастыруға мүмкіндік беріліп отыр.

Бұған дейін Джохар Царнаевтың үш досы тергеуге кедергі келтірді деген айыппен өз жазаларын алған болатын. Диас Қадырбаев – 6 жылға, Азамат Тажаяқов – 3,5 жылға, Робель Филипос 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Дереккөз: bnews.kz


19 маусым 2015, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.