Атырау, 25 қараша 20:39
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мысырда Рамазан айына байланысты сотталушыларға кешірім берілді

1 523 просмотра

Image 0Мысыр президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси қасиетті Рамазан айының басталуына орай 165 сотталушыға кешірім берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Кешірім алғандардың ішінде шеру туралы заңды бұзғандар бар. 2013 жылдың шілдесінде исламшы-президент Мұхаммед Мүрси биліктен кетіп, ел аумағында қанды қақтығысқа әкелген наразылық акциялары болған еді.

2013 жылдың қарашасында қабылданған шеру туралы заң елдегі наразылық акцияларына тосқауыл болды, дегенмен билік елдің ішіндегі тыныштықты сақтау мақсатында құрылған жаңа заңды тәжірибе ретінде ғана қолданды. Халықаралық құқық қорғау органдары заңды тым қатаң әрі азаматтардың бостандығын шектеуге алып келеді деді.

Айта кетейік, бүгін дүние жүзіндегі барлық мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы туды.

Дереккөз: tengrinews.kz

18 маусым 2015, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.