Атырау, 5 желтоқсан 11:18
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Өзбек құрылысшылары арнайы қабылдау орнына жіберілді

2 044 рет қаралды

Image 0Тиісті рұқсат құжатынсыз құрылыста жұмыс жасап жатқан Өзбекстанның 12 азаматы әкімшілік қамау түрінде жаза алды.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВ хабарлағандай, Қызылқоға аудандық соты шетелдік 12 азаматқа қатысты әкімшілік істерді қараған.

- Сотта олардың Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының шекаралық қосыны арқылы келгендігі анықталды. Тексеру барысында көші-қон полициясының қызметкерлері гастарбайтерлердің жұмыс жасауға рұқсат құжатынсыз жұмыс жасағанын анықтады, - дейді Б.Ғалиев. – Сот отырысында заң бұзушылар өз кінәларын толықтай мойындады. Арнайы қабылдау орнында 3 тәулікке әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындалды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

18 маусым 2015, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.