Атырау, 28 қараша 15:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

АМУ студенттері ежелгі жауынгердің сүйегін тапты

2 382 просмотра

Image 0Индер ауданының Теректі деген жеріне археологиялық тәжірибе жүргізу кезінде Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бірінші курс студенттері көне қорған тапты.

АМУ археологиялық-этнографиялық музейдің директоры Әния ЕРМАҒАМБЕТОВАНЫҢ айтуынша, тәжірибе басталғанға дейін университетке жергілікті тұрғынның адам сүйегі мен оның ежелгі жауынгерге тиесілі екендігін білдіретін киім-кешегінің бір бөлігін тауып алғаны туралы ақпарат түскен.

Сол жерде болашақ тарихшылар бейітті толықтай қазып, адам сүйектерінен басқа, жылқының да сүйектерін тауып алған. Оның жанында ұзындығы бір метрдей болатын қылыш, жебе, сауыт пен ат әбзелдері жатқан. Әсіресе студенттерді сауыт қызықтырды. Жақындатып қараған соң олар темір жейде адамнан гөрі атқа арналған деген тұжырымға келді. Оның салмағы 20 келі, ал

жайылған күйде бір метрден асады.

- Біз қорымды оғыз дәуіріне жатады деп болжап отырмыз. Бұл ІХ-ХІ ғасыр. Сол кезде атқа сауытты оғыз тайпалары жасаған, - дейді Ә.Ермағамбетова. – Университетте Астананың ұлттық музейімен біздің барлық табылған олжаларымызды тегін қалпына келтіру жөнінде келісім бар. Қазіргі уақытта жауынгер мен оның атына қатысты барлық табылған атрибуттар қалпына келтірілуге берілді.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті Х.Досмұхамедұлы атындағы АМУ медиаорталығы ұсынды

18 маусым 2015, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.