Атырау, 15 желтоқсан 20:50
 ашықВ Атырау -8
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Cырттай бөлімде оқитындар үшін оқу ақысы төмендетілді

2 515 рет қаралды

Image 0Атырау мұнай және газ институтында сырттай бөлімде оқитын студенттердің оқу ақысы 50 мыңнан 80 мың теңгеге дейін төмендетілді. Бұл туралы институттың маркетинг басқармасының басшысы Есенғазы ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ хабарлады.

- Біз мұндай қадамға халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып барып отырмыз, - дейді Е.Құдайбергенов. – Бұдан бөлек, бізде студенттер үшін бірнеше санаттар бойынша оқу ақысын ішінара төмендетуден тегін оқытуға дейінгі (жетімдер үшін) жеңілдіктер қарастырылған.

Сонда жаңа 2015-2016 оқу жылынан бастап сырттай бөлімде оқитын студенттер үшін оқу ақысы 160-200 мың теңгені құрайды. Ал, күндізгі оқу бөлімінің ақысы бұрынғыша 343-347 мың теңге болып қала береді.

Айнұр САПАРОВА

18 маусым 2015, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.