Атырау, 28 қараша 15:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Студенттер полигонға барады

1 650 просмотра

Image 0АтМГИ жанындағы «Құлсары» эксперименталды оқу-өндірістік полигоны 1 қыркүйекте өз жұмысын бастамақ. Бұл туралы полигон директоры Жомарт ЖАНТӨРИН хабарлады.

- Полигон Құлсары қаласынан 10 шақырым жердегі «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты кен орнында орналасқан. Бұл Қазақстандағы техникалық жоғары оқу орындарының арасындағы бірінші жоба, - дейді Жантөрин.

Оның айтуынша, бүгінде қыркүйекте өндірістік тәжірибеден өтетін «Мұнай және газ ісі» мамандығы бойынша 2-ші және 3-ші курста оқып жатқан 40 студент таңдалынып алынған. Олар екі топқа бөлініп оқып, жұмыс істейді. 20 студент 15 күн полигонда жұмыс істеп, қалған жартысы ол уақытта оқуда болады. Осылайша бір-бірімен ауысып отырады.

- Теорияны практикамен ұштастыру - студенттерге нағыз керек нәрсе, - дейді Жантөрин. – Олар онда төрт мамандық алып шығады: қабатты қысымды қалпында ұстау жөніндегі оператор, мұнай газ өндіру операторы, ұңғымаларды зерттеу операторы, күрделі жөндеу операторы. Олармен арада еңбек шарты жасалады. Еңбекақыларын «Ембімұнайгаз» өндірістік басқармасы төлейді.

Айнұр САПАРОВА

18 маусым 2015, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.