Атырау мұнай және газ институты жанынан Халықаралық Каспий ғылыми зерттеу орталығы құрылады. Бұл туралы институт ректоры Әли ӘБІШЕВ (суретте) хабарлады.
- Бір жылдары мен АҚШ-тың Вашингтон штатындағы Сиэтл қаласында болғанымда Тынық мұхиты зерттеу орталығының жұмысымен таныстым. Атырауда да сондай геосаяси маңызы зор Каспий аймағының проблемаларын зерттеумен айналысатын зерттеу орталығы болуы тиіс деп есептеймін, - дейді Ә.Әбішев. – Оның ерекшелігі сол, онда жоғары оқу орнының ғылыми қызметкерлері мен студенттері бірігіп, экология, туризм, бизнес, балық шаруашылығы, кеме қатынасы және т.б. салаларды зерттеуге жұмыстанады.
Айнұр САПАРОВА
Суретті түсірген қанат ЕЛЕУОВ