Атырау, 3 мамыр 16:52
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Оқиғалар тізбегі

2 849 просмотра

Image 0

Полицияға 32 жастағы қала тұрғыны шағымданды: 47 жастағы Авангард тұрғыны оған жер телімін алып беруге уәде беріп, 50 мың теңгесін алып, ғайып болған. Іздеу жарияланды.

***

Қала тұрғыны полицияға биылғы жылдың сәуірінде 47 жастағы әйелдің арзан баспана алып беремін деп уәде беріп, одан 7 мың доллар алып, ғайып болғанын мәлімдеді. Іздеу жарияланды.

***

Белгісіз біреу Махамбет көшесінің бойындағы үйдің шатырынан 60 метр телефон желісін қолды қылған. Ұрлық жасады деген күдікпен полиция 29 жастағы қала тұрғынын ұстады. Оның Абай (10 метр) және Махамбет (50 метр) көшелерінің бойындағы үйлердің шатырынан телефон сымдарын ұрлау қылмысына қатыстылығы тексерілуде.

***

«Дина» базарында самса сататын дүңгіршектің қожайыны 14 маусымда екі ер адамның ақшасын төлемей, ет салынған бес самсасын алып кеткені туралы полицияға шағымданды. Оларды полиция ұстады.

***

Құлсарыда 14 маусымда белгісіз біреу азық-түлік дүкеніне терезесін сындырып түсіп, кассадан 5 мың теңгені, төлем терминалынан 20 мың теңгені және тоңазытқыштан 9 бөтелке сыраны ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен 28 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, изоляторға қамалды.

***

Полицияға 19 жастағы қыз шағымданды. Көшеде белгісіз екі ер адам оның «Украина» велосипедін тартып алған. Полиция екі ер адамды – Томарлы поселкесінің 30 және 32 жастағы тұрғындарын ұстады. Тергеу жүргізілуде.

***

Маусымның 14-іне қараған түні Ардагер ықшамауданындағы Жайық жағалауында жол-патруль қызметінің экипажы КамАЗ аккумуляторын алып бара жатқан 17 жастағы үш жасөспірімді тоқтатты. Кәмелетке толмағандардың детальді «Ардагерден» қолды қылғандары және оны олардың бірі тұратын Огородный көшесіне алып бара жатқандығы анықталды. Тергеу жүргізілуде.

***

Сарыарқа ықшамауданындағы кафеде 50 жастағы аспаздың сөмкесі ұрланды. Ұрлық жасады деген күдікпен 54 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

***

Полицияға 24 жастағы қала тұрғыны шағымданды. 15 маусымға қараған түні оның үйінің ауласынан «Дэу-Матиз» көлігін ұрлап кетіпті. Оны айдап кеткен зардап шегушінің 25 жастағы танысы болып шықты. Машина табылды.

***

Демалыс күндері ҚІІБ жол-патруль қызметі «қауіпсіз қала» рейдін жүргізді. Ішімдік ішкен күйде көлік жүргізген 29 жүргізуші, жылдамдық арттырған 64, телефонмен сөйлескен 29, қарсы жолаққа шығып кеткен 7, қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған 99, әйнекті күңгірттеу ережесін бұзған 136 жүргізуші анықталды. Белгіленбеген жерден көлік жолын кесіп өткен 56 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

18 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.