Атырау, 21 желтоқсан 19:18
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 456 просмотра

Баскетбол

«Атырау» ДСК-нде Мәскеудегі 22-ші Олимпиада ойындарында төрелік еткен, халықаралық санаттағы төреші Юрий Иванович Шлыковтың рухына арналған баскетболдан 16-шы облыстық турнир өтті.

Турнирге «Әлішер», «Isker», «Құлсары», «АтМжГИ», «ВИА» (бапкер Валентина Ильинична Андрееваның шәкірттері), «Самұрық» және «3БЖСМ» командалары қатысты. Нәтижесінде «ВИА» командасы 1-орынды, «Isker» 2-орынды, «Әлішер» 3-орынды иеленді. Үздік ойыншылар іріктелді: ең нәтижелі ойыншы – Қанат Мусин (147 ұпай, «ВИА»), қорғаушы – Серік Нұрыш («Құлсары»), шабуылшы – Рашид Сағынғалиев («Әлішер»), ортадағы ойыншы – Жорик Нұрғалиев («ВИА»), MVP-ойыншы – Төлеген Балғымбаев. Спортшылар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына турнирді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді.

***

Қазақ күресі

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында ерлер мен әйелдер арасында қазақша күрестен Қазақстан чемпионаты өтті.

Облыстық құраманың құрамын-да 8 ер мен 4 нәзік жанды кілемге шықты. Ер адамдар бірде-бір алқа ала алмады, әйелдер үш «қолаға» қол жеткізді. Фаиза Әділбаева (65 келіге дейін), Әнел Сүлейменова (65 келіге дейін) және Қалжан Тайжанова (75 келіге дейін) көзге түсті. Осы нәтижемен біздің құрама командалық есеп бойынша 16 команданың арасынан 9-орынды иеленді.

***

Теннис

Тірек-қозғалыс аппаратына зақым келген мүгедектер арасында үстел теннисі бойынша өткен Қазақстан чемпионатында біздің облысымыздың құрамасы командалық 1-орынды алды.

Чемпионат Павлодарда өтті. Құрама «Атырау облысы мүгедектерінің спорт клубы» мүшелерінен құралған. Алтын медальдарды жеке есепте Махамбет Насихан, Раушан Орынбаева, жұптық есепте М.Насихан мен Асылхан Саясатов, Дария Маутенова мен Р.Орынбаева қанжығаларына байлады. «Күміс» А.Саясатовтың, Д.Маутенова мен Жұлдыз Ерубаеваның (алматылық Аделя Әділбековамен жұпта) еншісінде. Айта кету керек, 11 жастағы атыраулық Ж.Ерубаева чемпионаттың ең жас қатысушысы болды. Балалардың жетістігіне олардың тәлімгері Гүлнара Иманалиева да қуанышты.

18 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.