Атырау, 3 маусым 06:36
 дождьВ Атырау +14.4
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

​«Балаусада» асфальт төселеді

2 092 рет қаралды

Image 0Биыл «Балауса» ықшам ауданында жолдарды асфальттау жұмыстары басталмақ.

Бұл туралы ықшамаудан тұрғындарына облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ақылбек БАЙШАХАНОВ хабарлады. Бұдан бұрын тұрғындар жергілікті билік алдына жол мәселесін бірнеше рет қойған болатын. А.Байшахановтың айтуынша, биыл «Балауса» ықшам ауданының бес көшесіне (№№11, 22, 30, 33, 43) асфальт жолын салу жоспарланып отыр. Жобалау-сметалық құжаттары жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткен. Жалпы, «Балауса» ықшам ауданында ірілі-ұсақты 44 көше бар.

Айнұр САПАРОВА

18 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.