Сәуірде өткен Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлының рухына арналған халықаралық турнирде мақаттық жас боксшы Қазбек Сапенов спорттағы жетістігі үшін арнайы сыйлыққа ие болды. Былғары қолғап шеберлерінің өскелең ұрпақты дайындауға қатысты қазіргі ахуалы қандай? Осы тақырыпта біз облыстың жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Айдос ДӘУЛЕТОВПЕН (суретте) сұхбаттасқан едік.
- Айдос, биылғы жылғы жасөспірімдер құрамасының спорттағы нәтижелері туралы әңгімелесеңіз.
- Рязаньда 1999-2000 жылғы жасөспірімдер мен жастар арасында бокстан өткен халықаралық турнирде Қазбек Сапенов, Дархан Ниғметуллин, Аян Қабидоллаев пен Аят Айтқалиев жеңімпаздар атанды. Мирас Ниғметов күміс, Еламан Рахметолла қола иеленді. Спортшыларды даярлауға облыстық бокс федерациясының бапкерлері Жандос Жұмабеков пен Ринат Жұмағалиев теңдессіз үлес қосты. Олар 2012 жылы облыстың түкпір-түкпірінен спортқа дарынды он баланы жинап, оларды «Жемчужина» шипажайына орналастырып, күн сайын жаттығу ұйымдастырды. Қазір бұл жасөспірімдер халықаралық сайыстарда жеңіспен өнер көрсетіп келеді.
Степногорскіде 2001-2002 жылғы кіші жастағы жасөспірімдер арасында бокстан өткен Қазақстан біріншілігінен облыс құрамасы төрт қола алқа әкелді. Руслан Қайырғалиев, Нұрсұлтан Наурызбаев, Берік Төлегенов пен Әли Құлымжан ерекшеленді.
Астанада өткен республикалық турнирде Абылай Бітімов пен Нұрсат Зинолла алтынды жеңіп алды. Оралда өткен Социалистік Еңбек Ері М.Ержановтың рухына арналған турнирде облыс құрамасының қоржынына Асылхан Жиентаев пен Бекжасар Лұқпан күміс алқа салды. Содан кейін Бекжасар Шымкентте 1999-2000 жылғы жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында «қола» иеленді. ҚР аймақтық біріншілігінде А.Қабидоллаев күміс алды. Сұңқар Тельманов пен Әділхан Сағидолла қола марапатқа ие болды.
А.Құлымжан, Илья Коновалов, Орынбаев Айсұлтан Астраханда өткен КСРО спорт шебері В.Бабковтың рухына арналған халықаралық турнирдің жеңімпаздары атанды. Осы сайыстан Нұрхатбек Ингаев, Назарбек Якубов, Мұрат Тәжиев, Қайырхан Жолжанов пен Бекзат Қонысбаев күміс және қола марапаттар әкелді.
Өткен демалыс күндері маусым айының соңында өтетін халықаралық турнирге қатысушыларға іріктеу жүргізілетін қала біріншілігі өтті. Осы сайыстарда ҚР жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Қайрат Сейітжанов Қаскелеңде шілдеде өтетін Н.Назарбаев сыйлығының халық-аралық турниріне мықты боксшыларды іріктейтін болады. Біздің облысымыздан Балқашқа А.Бітімов, Н.Зинолла, Нұрғиса Шәкенов пен Бауыржан Уапов барады. Қала біріншілігінде облыс басшылығы атынан Қазақстан чемпионатында ересектер арасында тиісінше алтын және күміс медальдар иеленген Рахман Әлжанов пен Азамат Досмағамбетовке шапан жабылды.
- 2013 жылы Астанада Әуесқой боксшылардың халықаралық ұйымының (AIBA) бапкерлер курсын тыңдаушы болдың. Қандай жаңалықтар әзірленуде?
- AIBA әдістемесі бойынша бізге жаттығуды аптасына бір жарым есеге көбейткен жөн. Қазір біз сағат бойынша балалармен аптасына бес мәрте жаттығамыз. Дүйсенбі күні – ойын күні, бейсенбі – монша күні және жексенбі күні – демалыс күні. Осы күнтізбені сақтау міндетті. Айтарлықтай ерекше ештеңе өзгерген жоқ. Алдымен басты қорғауды, сосын ринг бойынша қозғалуды, содан кейін ғана шабуыл жасауды үйретеміз.
AIBA жаттығу курстарында мен 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сапиевпен таныстым. Серік – майталман бокс шебері әрі жарқын жүзді үй иесі. Ол мені және ақтөбелік әріптесімді өзі директор болып жұмыс жасайтын «Astana Arlans» командасының жаттығуына шақырды. Содан кейін бізді «Лазурный берег» тұрғын үй кешеніндегі үйіне шақырды. Медальдары мен Олимпиадада жеңіп алған Вэла Баркер Кубогын көрсетті. Оның Мөлдір есімді жайдары жары мен үш қызы бар. Біз Мөлдір дайындаған еттен дәм таттық. Өткен жылы Серік Атырауға келді. Тиісінше, біз де чемпионды құшақ жая қарсы алдық.
- Ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатында Рахман Әлжановтың жеңіске жеткенін естігенде балалар қандай әсер болды?
- Әрине, төбелері көкке жеткендей болды. Мен барлық баланы әуежайға чемпионды қарсы алуға апардым. Балалар Рахманды қаумалап, қолдарына алтын медальді ұстап көрді. Олар да болашақта жоғарғы нәтижелерге қол жеткізеді деп үміттенеді.
Атыраулық жігіттер жиі ел чемпионы бола бермейді. 2005 Асхат Сыдыхов, Мұхтар Смағұлов чемпион атанды. «Күмісті» Владимир Ульянов иеленді. 2013 жылы ҚР чемпионаты Атырауда өткен кезде жоғарғы құрмет тұғырына Ержан Ордабаев көтерілді.
- Алдағы жоспарларыңыз туралы айтсаңыз.
- Қыркүйекте Ганюшкинде ҚР әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденовтың рухына арналған халықаралық турнир, ал, Атырауда Қамбар Андашевтың рухына ашық республикалық турнир өтеді. Жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ