Атырау, 6 мамыр 06:29
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Емшілер, шіріген жұмыртқа және жалған 2 миллион туралы

4 793 просмотра

Image 0Күдіктілер Атырау ҚІІБ криминалдық полиция бастығының орынбасары М.Тағаниязовтың кабинетінде.

Теміртаулық емші көмекшісімен бірге Атырауда 2 миллион 331 мың теңгеге алаяқтық жасады деп күдіктелуде.

АЛҒАН ҚЫЗЫҚТЫРАҚ

9 маусымда 58 жастағы қала тұрғыны полицияға қызықты хикаяны айтып берді. Ол өзін көптен бері нашар сезініп жүрген екен. Бүкіл дерттің дауасын емдейтін емші келіп жатыр дегенді естіп, соның қызметіне жүгінуді ұйғарған. Емшінің өтініші бойынша әйел өзімен бірге сеансқа 333 мың теңге мен 3 жұмыртқа ала барған.

Оны Авангардтағы жалдамалы пәтерде қарсы алып, бүкіл кеселінің егжей-тегжейін анықтап, жоралғылар жасаған. Науқастан ақшаның үстіне отырып, көзін жұмуды өтініп, оған дұға оқыпты. Соңына қарай емші әкелінген жұмыртқаның біреуін жарып, ішінен қарайып шіріп кеткен нәрсені көрсеткен. Сөйтіп, ол пациентін науқас болғандығына, оған қатты көз тигеніне және тағы да нәрселер бар екендігіне, бірақ енді бәрінен құтылғанына, өйткені бар жамандықты жұмыртқаның алып кеткеніне иландырған.

Әңгіме кезінде зардап шегуші онкологияға шалдыққан інісі бар екенін, Израильге қымбат тұратын ем алуға баруды жоспарлап отырғанын айтып қойған, - дейді Атырау ҚІІБ бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Марат ТАҒАНИЯЗОВ.Бәлкім, сол кезде алаяқтың ойына анағұрлым көп олжа тауып қалайын деген жоспар келген болса керек. Олар 333 мың теңгені қайтарып, әйелдің сеніміне әбден кіріп алып, бауырын емдеуге уәде берген.

Бұл жерде сенім әсері де рөл ойнаған: әйел едәуір жеңілдікті сезініпті. Оның үстіне ақшасы да қалтасында қалды. Сөйтіп, емшіден қанаттанып, енді інісіне де ауыр науқастан құтылуға жәрдемдесе аламын деген ниетпен шығады. Рас, бұл жолы жоралғылардың тылсым қабілетін жеті есеге көбейту қажет болады. Мұны қалай істеу керек? 333 мыңды 7-ге көбейтіп, шыққан соманы алып келу керек болады. Қысқа мерзім ішінде әйел қажетті соманы әзер жинап әкеледі. Бұған Израильде емдеуге жинаған бүкіл жинағы және оған қосымша туыстарынан алған қарыздар кетеді.

ЖАЛҒАН АҚШАЛАР

Таңертеңге белгіленген екінші кездесудің алдында емшілер түні бойына оған демалуға мұрға бермеген. Әрбір жарты сағат сайын қоңырау шалып, жаңа құнды нұсқаулар беріп отырған: біресе дәл қазір бауырың үшін дұға оқы десе, біресе ол туралы жарты сағат бойы ойла, енді бірде ол ұйықтап жүрген төсек жаймасын алып келуді ұмытпа, оның тал шашын әкелуді ұмытпа... деп мазалай берген.

Таңға қарай әбден шаршаған әйел інісімен бірге емшілерге барады. Олар ер адамнан шығып кетуді өтінеді. Жоралғыны «шалғайдан» жасауға болады, бұған туған туысы, яғни апасы қатысса, жеткілікті дейді.

Жігіт кетіп қалған кезде, емшілер жүйкесі тозған түнгі мазасыздықтан титықтаған әйел үшін босаңсытатын ванна әзірлеп, майшам жағып, шомылғаннан кейін оған массаж жасап, төсекке жатқызған соң, ұйықтауға бұйрық берген. Әйел санаулы секундтарда ұйқыға кетіпті. Ал оянған кезде кереует жанындағы тумбадан өзінің ақшаларын табады. Бәрі де жақсы ау, бірақ купюраны жақындатып қараған кезде, ол жалған ақша болып шыққан. Мұндайлар сувенир дүкендерінде сатылады. Сөйтіп әйел полицияға жол тартқан. Ал осы кезде бортына екі әйел мінген ұшақ Астанаға қонған еді.

ЗАҢДЫ БІЛЕМІЗ

Үш күн ішінде күдіктілердің жеке басы анықталды, олар Астанада ұсталып, Атырауға жіберілді: 27 жастағы және 25 жастағы Теміртау қаласының тұрғындары екен. Айта кетелік, осы алынған ақшаға олар көлік сатып алып үлгеріпті.

Журналистерге екі әйелмен Тағаниязовтың кабинетінде танысуға рұқсат берді. Екеуі де өз кінәлерін мойындаудан бас тартып отыр.

Мен адвокат талап етемін! Маған адвокатсыз сіздің сұрақтарыңызға жауап бермеуге құқығым бар...- дейді ҚІК-ні білемін деген күдіктілердің бірі.

Әрине, сізге адвокат ұсынылатын болады.

Сіздер неге бізді мұнда әкелдіңіздер, біз ештеңе жасаған жоқпыз...Сіздің қақыларыңыз жоқ! Біз сіздер айтып отырған зардап шегушіні мүлдем білмейміз, - деп наразылық білдірді әйелдер. Олардың бірі ішін ұстай қалды, кейінірек су сұрап ішіп, өзінің жүкті екенін айтты.

Әйелдерді алып кеткен соң қазіргі уақытта оларға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-тармағының 1-тармақшасы («Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау») бойынша қылмыстық іс қозғалғандығы анықталды. Енді оларды қылмыс жасалғандығы туралы мәлім еткен арызданушымен бетпе-бет жүздестірмек.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

17 маусым 2015, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.