Атырау, 25 қараша 20:53
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Джеб Буш АҚШ президенттігіне кандидат ретінде тіркелді

1 855 просмотра

Image 0Үлкен Джордж Буштың ұлы, кіші Буштың інісі Джеб Буш республикалық партия атынан АҚШ президенттігіне кандидат ретінде тіркелді. Ол өзінің алғашқы сөзін АҚШ-ты жайлаған жүгенсіздік пен Ақ үйдің іс басындағы қожайынының шалыс қадамдарын сынаудан бастады.

Президенттік лауазымнан үмітті екендігін Хилари Клинтон да мәлімдеген болатын. Ақ үй басшылығынан өзге де саяси күштердің өкілдері дәмелі. Алайда сарапшылар негізгі тартыс Американың саяси ең белсенді екі әулеті арасында жүретіндігін болжап отыр.

Джеб Буштың кандидат ретінде халықпен алғашқы кездесуін Маямиде өткізуі тегін емес. Ол өз баяндамасында еркін меңгерген испан тілін кеңінен қолданды. Осылайша үміткер демократтарды қош көретін босқындар арасынан жақтастарды көптеп жинауды көздейді, дейді сарапшылар.

«Президенттік лауазым бір либералдың қолынан екінші либералдың қолына көшіп-қонып жүрмеуі тиіс. Біздің елдің қазіргі бағыты өте нашар. Біз қайда барып тұрақтаймыз? Және бұл жағдайды қалай түзете аламын? Міне, осы сұрақтар мені толғандырғандықтан, президенттікке өз кандидатурамды ұсындым», - дейді президенттікке кандидат Джеб Буш.

Әйгілі Буш әулетінің ұлы сайлауалды бағдарламасының басым бағыты ретінде экономиканы қалпына келтіру мәселелерін көтереді. Мысал үшін, кандидат экономикаға жылына кем дегенде 4 пайыздық өсім серпінін беріп, елде 19 млн жаңа жұмыс орнын ашуды көздейді. Оның сөзінше, АҚШ ешбір держава тең келмейтін алып экономика орталығына айналуы тиіс. Үлкен істі Джеб Буш іс басындағы билікті сынаудан бастады.

«Обама-Клинтон-Керри үштігі жүргізген саясат жүгенсіз дағдарыс, жазасыз қатыгездік, белгісіз жау, қорғансыз достар мен күйреген альянстар беріп отыр. Қазіргі әскеріміз де қауқарсыз. Біз бұрынғы әскери әлеуетімізді жандандырып, әскерлер мен ардагерлерімізге қамқорлық танытуымыз керек. Мен осы мақсаттарды орындаймын деп уәде етемін», - деп толықтырды Джеб Буш.

Буштың сынынан Хиллари Клинтон да құтыла алмады. Клинтон әулетінің қайырымдылық қоры айналасындағы дауға қарамастан, сарапшылар оның мүмкіндіктерін жоғары бағалауда. Нью-Йоркте 5 мың адам алдында сөз сөйлеген кандидат кедей және орта тап өкілдерінің жағдайын жасаймын деп уәде берді.

«Байлықтың барлығы - топ-менеджмент пен инвестициялық қорлардың маңдайына біткен бақ емес. Сіздердің жағдайларыңыз жақсармай, Америка ілгері баспайды. Сондықтан мен президенттік таласқа түстім. Бәлкім, мен ең жас кандидат болмаспын, бірақ Американың ең жас әйел президенті атанам», - деді Хиллари Клинтон

Хиллари Клинтонның соңғы сөзін жиналғандар ерекше жылы қабылдады. Өзінің жас мөлшерін кандидат басты саяси басымдық ретінде пайдаланып қалуға ниетті. Оның жасы қазір 68-де, ал сарапшылар оған басты қарсылас ретінде атаған Джеб Буш 63-те. АҚШ президенттігін күрделі алгоритм тәртібімен бөліскен қос әулет өкілдері үшін тартыс күтпеген сыйға толы болуы да мүмкін, - дейді сарапшылар. Қалай болғанда да, кезекті саяси науқан сенсацияға толы болғалы тұр. Егер Хиллари Клинтон жеңіске жетсе, Ақ үйді билеген алғашқы әйел, ал Буштың асығы алшысынан түссе - Американы билеген бір әулеттің үшінші ұрпағы атанғалы тұр.

Дереккөз: bnews.kz


Барлық құқығы қорғалған.

BNews.kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде BNews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.

BNews.kz материалдарын пайдалану кезінде:

- басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www.bnews.kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті.

- Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.bnews.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.

17 маусым 2015, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.