Атырау, 25 қараша 20:14
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркияның бұрынғы президенті Сүлеймен Демирел қайтыс болды

3 010 просмотра

Image 0Түркияның бұрынғы президенті Сүлеймен Демирел 91 жасында Анкарада қайтыс болды, - деп хабарлайды Daily Sabah.

Сүлеймен Демирел 13 мамырда Анкарадағы ауруханалардың біріне жатқызылған. Саясаткердің жағдайы кенеттен нашарлап, қайтыс болды.

Сүлеймен Демирел 1993-2000 жылдар аралығында Түркияның президенті қызметін атқарды. Ол елдің премьер-министр қызметіне бес рет тағайындалған. Сүлеймен Демирел Әділдік Партиясының (ӘП) негізін қалаушылардың бірі, ол елді индустрияландыратын экономикалық бірнеше реформа жүргізді.

Қазақстанда Сүлеймен Демирелдің құрметіне аталған университет бар. Жоғарғы оқу орны Алматы облысындағы Қаскелең қаласында орналасқан. Университет 1996 жылы ашылды.

Дереккөз: tengrinews.kz

17 маусым 2015, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.