Атырау, 28 қараша 15:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Көлік жолында абай болыңыз

2 539 просмотра

Image 0Атырау қалалық ІІБ-нің әкімшілік полиция бөлімінің мәліметтері бойынша, жыл басынан бері облыс орталығында көліктің жаяу жүргіншілерді қағып кеткен 91 оқиғасы орын алған. 5 адам қаза болып, 44 адам едәуір жарақат алған. 54 жағдайда бұған адамдардың белгіленбеген жерден көлік жолын кесіп өтуі себеп болған.

Жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 1 311 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айыппұлдардың жалпы сомасы 9 млн теңге шамасында. Анағұрлым жиі кездесетін ереже бұзушылықтар – белгіленбеген жерден жолды кесіп өту және тұрақтап тұрған көліктердің тасасынан көлік жолына күтпеген жерден шыға келу.

Полиция бірнеше қарапайым кеңес береді. Көлік жолына аяқ баспас бұрын ахуалды және көліктің қозғалыс жылдамдығын бағалау керек. Қалай болғанда да, жолда асығып, сасқалақтауға болмайды. Көрінетін жерді бөгеп тұрған көліктің (әсіресе автобустың) артынан жолға шығуға болмайды. Егер сіз сонда да жаяу жүргінші жолағынан тыс жерден жолды кесіп өтсеңіз, жол ортасына жеткен соң бөлу жолағына тоқтап, көлік ағымының біткенін күтіңіз. Ал жалпы ережені мүлдем бұзбай, cақтанып жүрген жөн. Құдай сақ болғанды сақтайды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 маусым 2015, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.