Атырау, 28 қараша 15:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Су түбінде не «сыр» бар?

2 349 просмотра

Құтқарушылар орталық жағажай аумағындағы Жайық түбін тексеруде.

«Екі рет жұлқып, тарту» – солға қарай, «Жұлқып, сілку» - оңға қарай, «Екі рет сілку» - тіке, «Үш рет тарту» - шығу немесе тоқта дегенді білдіреді. Блокпостта тұрған адам су астындағы сүңгуірмен осындай тәсілмен сөйлеседі. Басқаша жолы жоқ. Нөлдік көрушілік жағдайында және жылдам ағыс кезінде Морзе әліппесінсіз және арқанның қорғауынсыз сүңгуірді ағыстың алып кетуі оп-оңай.

Түскі уақыттан кешке дейін Атырау облыстық ТЖД үшінші топтағы сүңгуір-құтқарушы Тарас ЕСБОЛОВ өзен түбінде қапшықпен жорғалап жүреді. Жиырма минуттық сүңгуден кейін жігіттің шаршайтыны анық. Алайда оның қапшығы демалушылардың табандарын жарақаттауы мүмкін тастарға, ірі мидиялар, бөтелке сынықтары, шүберектер, пакеттер, темірлер мен басқа да қоқыстарға толы болады.

– Жүзік, сырға секілді құнды нәрселер табасыздар ма? деп сұрадым сүңгуір-құтқарушылардың бірі Жарас ЕҢСЕГЕНОВТЕН.

Жоқ, олар өте ұсақ нәрселер, оны мұндай көрушілік жағдайында қармалап анықтау мүмкін емес. Әрі кеткенде, біздің тапқанымыз - сағат, білезіктер. Жалпы, біздің мақсатымыз бағалы заттар емес, қоқыс табу ғой.

Тағы бір жарты сағаттан соң Тарас жұмыр тас пен тырбиған ағаш алып шықты. Ал басқа құтқарушылар сол кезде өзен ағысының жылдамдығын арнайы аспаппен тексеріп тұрды. Егер көрсеткіш қалыпты болса (ал бұл ағыс жылдамдығы секундына 0,7 метр), жағажай маусымы бүгін ашық болады деген сөз. Бірақ аспап секундына 0,9 метрді көрсетіп тұрды.

Күте тұру керек, жігіттер, - деді олар жағажайда шешініп жатқан он шақты адамға. - Өткен жылы бұл жерден үш адам суға кетті, - деді құтқарушы маған бұрылып, - Бәрі де белгілі бір жерде - әне-е-у жерде, ДСК-не жақын қалқыма белгілердің ар жағында орын алды.

Ол жерде иірім бар ма?

– Ол жерде шұңқырлар бар. Тазарту жұмыстарын аяқтайық – сосын ол жерді тексеретін боламыз. Қайғылы жағдайлар санын азайту үшін көміп тастаймыз.

Айта кетелік, 15 маусымда сүңгуірлер Жилгородоктағы жағажай түбін тексереді. Олар су түбін екі айға созылатын шомылу маусымы кезінде үш мәрте тазартуға уәде беріп отыр.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

12 маусым 2015, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.