Атырау, 28 қараша 15:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тендер туралы «ұмытыпты»

1 787 просмотра

Image 0Құрманғазы ауданында 2014-2015 жылдарға мектепке ыстық тағам жеткізушілерді таңдау жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысына тексеру жүргізілді.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, байқау құжаттарын талдау барысында аудандық прокуратура қызметкерлері көптеген заң бұзушылықтарды анықтады. 20 мектептің 18-інде жеткізушілермен тендерсіз келісімшарттар жасалғандығы анықталды.

Аудандық прокуратураның наразылығы бойынша жалпы сомасы 92 млн теңгенің келісімшарттары бұзылды, ал тендер өткізу үшін жауапты адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 маусым 2015, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.