Атырау, 25 қараша 20:52
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Джемилевтің ұлы бес жылға сотталды

1 630 просмотра

Image 0Қырым татарлары жетекшілерінің бірі Мустафа Джемилевтің ұлы Хайзер Джемилев "абайсызда кісі өлтіру" айыбымен бес жылға сотталды. Джемилевтің адвокаттары сот шешімін заңсыз дейді.

Хайзер Джемилевті 2013 жылдың мамырында Украина билігі оның досының өліміне қатысты тергеу кезінде ұстаған. Джемилев жолдасын кездейсоқ атып өлтіргенін мәлімдеген.

2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап алған соң бұл істі тергеумен жергілікті билікті айналысқан. Джемилев Краснодар өлкесінен Ресейдің оңтүстігіне ауыстырылған. Әкесі Мұстафа Джемилев Ресей билігін ұлын кепілде ұстап отыр деп айыптайды. Джемилевке әуелде кісі өліміне қатысты айып тағылу қаупі туған. Бірақ Краснодар өлкесі соты 2 маусымда Джемилевті "абайсызда кісі өлтірген" және "заңсыз қару сақтаған" деп таныған.

Мамыр айында Қырымның аннексиялануына қарсы Мустафа Джемилевтің Қырымға кіруіне тыйым салынған. Қырым аннексиясынан кейін Киевте тұратын Мустафа Джемилев қазір Украина парламентінің депутаты әрі танымал құқық қорғаушы.

Дереккөз: azattyq.org

11 маусым 2015, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.