Атырау, 27 қараша 11:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мектептегі тегін тамақ тоқтайтын болды

2 564 просмотра

Image 0Қазақстан үкіметі мектептерде тегін тамақтандыруды жойды деп хабарлады жергілікті агенттіктер. Үкімет қаулысына сәйкес, ата-аналар енді балаларының түскі асына кететін қаржыны өз қалтасынан төлейді. Алматы қалалық білім басқармасының мәлімдеуінше, үкіметтің әлеуметтік қамсыздандыру туралы қаулысында оқушыларды тамақтандырудан үнемделген қаржы жетім балалар мен жағдайы нашар отбасыларынан шыққан балаларды тамақтандыруға жұмсалады.

Жергілікті ақпарат құралының хабарлауынша, Алматыда төменгі сыныптың бір оқушысын тамақтандыруға бір күнге 300 теңге (шамамен 1,6 АҚШ доллары) жұмсалады. Оқушы балалар бұл ақшаға сүт, йогурт, ірімшік, кисель, компот, шәй мен нан және ыстық тамақ ішеді.

Мектептерде тегін тамақтандыруды тоқтату туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 11 ақпанда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан еді. Назарбаев ол кезде "қазақстандықтар мектептегі балаларына айран мен тоқашты өздері әперуі тиіс" деген.

Дереккөз: azattyq.org

11 маусым 2015, 13:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.