Алматы. 11 маусым. ҚазТАГ – Германияның екі кәсіпкері Қазақстанға жасырын қару-жарақ жеткізіп отырған, деп хабарлады Deutsche Welle.
«Германияның Тюбинген өңірлік соты екі кәсіпкерге қарсы істі қарауға кірісті. Жастары 59-да және 37-гі Метцингендік екі кәсіпкер Қазақстан президентінің жанындағы күш құрылымдарына қару-жарақ сатқан деп айыпталуда. Бес жыл бойына айыпталушылар әр түрлі қару-жарақты өндірушілерге тапсырып, оларды заңды айнала отырып, Қазақстанға жөнелтіп отырған», - делінген прокурор Берхард Хенге сілтмелеген жарияланымда.
Мысалы, прокуратура мәліметтерінше, Баден-Вюртемберг федералдық өңіріндегі Метцинген қаласының кәсіпкерлері 2004 жылы ҚР президент гвардиясымен, сондай-ақ Қазақстанның антитеррорлық бөлімшелерімен келісімге отырған.
«Олар Германиядан, Франция, Финдяндия, Швейцария және Жаңа Зеландиядан қару-жарақты кем дегенде 26 рет жеткізген», - делінген хабарда.
Ангықталғандай, Қазақстанға заңсыз 30-дан астам шабуыл винтовкалары мен мерген винтовкалары, 350-дей тапанша, бірнеше мың граната мен шамамен 150 мыңдай әр түрлі оқ-дәрі сатылған. 18 граната атқыштар мен он екіден астам шабуыл винтовкаларынан тұратын жеткізулерді швейцариялық билік іске асырған.
«Заңсыз бизнес 2010 жылы кеденшілер Франкфурт-на Майне әуежайында гранаталар мен оқ-дәрілердің кезекті партиясын тоқтатқанда әшкереленді. Германияда қару-жарақпен саудаға талап етілетін рұқсат бизнесмендерде ешқашан болмаған. Сот алдын ала 23 отырыс болады деп жоспарлап отыр», - делінген хабарда.
Дереккөз: ҚазТАГ
В Атырау -11