Атырау, 19 мамыр 00:16
 бұлттыВ Атырау +24
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30

Зертханалық тексерулер Қостанай облысында өлген ІҚМ-да пастереллезді растамады

1 641 просмотра

Image 0Қостанай. 11 маусым. ҚазТАГ – Зертханалық тексерулер Қостанай облысы Жангелді ауданында өлген ірі-қара малда (ІҚМ) пастереллезді растамады, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Облыстық ветеринарлық қызметтері 4 шаруа қожалығында өлген малдардан 8 патоморфологиялық сынама материалдарын алды. 3 маусымда Албарбөгет ауыл округынан әкелінген өлген құлыннан алынған патоморфологиялық материалдан пастереллез, жамандат аурулары барлығы расталмады; өлген бұзаудан алынған материалда – пастереллез, эмкар анықталмады. Зертханалық зерттеулер нәтижелерін Қостанай облыстық ветеринарлық зертхана биылғы 10 маусымда тапсырды», - деп хабарлады Қостанай облыстық әкімшілік баспасөз қызметінен бейсенбі күні.

Бұрындары хабарланғандай, Жангелді ауданында сәуір айынан бері мамырға дейін 58 бас ІҚМ өлді, негізінен биылғы төлдер. Қостанай облыстық ветеринария басқармасынан атап кеткендей, мал өлімдерінің себебі жұқпайтын аурулар болып табылады.

«Оны зертханалық тексерулер де растады», - деді әкімшілік баспасөз қызметінен.

Жангелді ауданынан Шилі, Милысай, Ақкөл ауылдарынан әкелінген қалған патоморфологиялық материал зертханалық зерттеулерде жатыр.

Дереккөз: ҚазТАГ

11 маусым 2015, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.