Атырау, 27 қараша 11:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстанда 3 мыңдай зорлықшы, оның ішінде 150 педофил әлі ұсталған жоқ

1 867 просмотра

Image 0Астана. 11 маусым. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда 3 мыңдай зорлықшылар, оның ішінде 150 педофил әлі ұсталған жоқ, деп мәлім етті ҚР бас прокурорының бастық орынбасары Нұрмұханбет Исаев.

«Ресми статистика бойынша, соңғы 5 жылда 3 мыңдай зорлықшы әлі анықталған жоқ және еркіндікте жүр, олырдың ішінде 150-ден астам сәбилерді зорлаушылар бар», - деді Н. Исаев бейсенбі күні Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында.

«Жүгенсіздікті сезінген ондай тұлғалар жылдар бойына ауыр және аса ауыр қылмыстар жасап жүруі мүмкін. Қостанай облысында 2014 жылы сәуірде кәмелетке толмаған жас қыз баланы ұрлап әкетіп, жыныстық зорлық жасаған Лесниковтың ісі соның айғағы», - деді ол.

Н. Исаевтың айтуынша, Лесников тергеу барысында 2012 жылы жыныстық қылмыс жасап, тағы үш әйелді өлтіргенін, оның ішінде кәмелетке толмаған бір қыз баланы өлтіргенін мойындапты.

«Өкінішке қарай, бұл оқиға қызметкерлердің кәсіби біліктілігінің төмендігінен болып отырғанын мойындауымыз керек, себебі ол бірінші құрбан жоғалған сәтте-ақ назарға іліккен екен», - деді Н. Исаев.

Бұл ретте ол зорлықшылар мен педофилдерді іздестіруде полицейлер көп жағдайда шара қабылдамайтынын қадап айтты.

Дереккөз: ҚазТАГ

11 маусым 2015, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.