ҚАСИЕТТI РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ОРАЗА ҰСТАУ МЕН НАМАЗ ОҚУ УАҚЫТЫНЫҢ КЕСТЕСI
(Атырау қаласы үшін) 2015 жыл – хижраша 1436 жыл
ЕСКЕРТУ:
Биыл, яғни 2015 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша Қасиетті Рамазан айы 29 күн.
1. Шілденің 13-нен 14-не қараған түн Ләйләтул-Қадр, яғни қасиеттi Қадiр түнi.
2. Сәресi iшу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады.
3. Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен және т.б. жеміспен де ашуға болады.
4. Тарауих намазы Құптан намазынан кейiн оқылады, ал Үтiр-Уәжiп намазы ең соңынан жамағатпен оқылады.
5. Пiтiр-садақаны рамазан айының басынан айт намазына дейiн беруге болады. Пітір Атырау бойынша 200 теңге.
6. 17 - шілде (сенбі) күнi Ораза айт мейрамы басталады. Айт намазы Атырауда сағат 7.00 де оқылады.
7. Оразаға ниет: Алла тағала үшін мүбарак рамазан айының оразасын ұстауға таңнан күн батқанға дейін ниет еттім.
8. Ауызашар дұғасы: «Жаратқан Ием Сен үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық несібеңмен ауыз аштым. Иә, кешірімді Алла! менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!»
Ауыз бекітердегі дұға
Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә. Аллаһу акбар!».
Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім. Алла ұлық!»
Ауызашардағы дұға
Оқылуы: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә 'аләйкә тәуәккәлту уә 'ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту».
Мағынасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».