Атырау, 28 қараша 15:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Пойыз билеттерін терминал арқылы сатып алуға болады

3 258 просмотра

Теміржол пойызына электронды билеттерді көптеген сауда, ойын-сауық және қоғамдық орындарда орналастырылған QIWI терминалдарынан сатып алуға болады.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Терминалдар арқылы жолға аттанудың ыңғайлы күнін таңдап қана қоймай, вагондарда орындардың болуын тексеруге, вагон түрін (купе, плацкарт, люкс) таңдауға, баға нұсқаларын және тарифтік кестені (ересектер, балалар билеті) қарап шығуға болады, - делінген баспасөз хабарламасында. - Егер вагон мүмкіншіліктері шектеулі тұлғаларға арналған орындармен жабдықталған болса, бұл ақпарат терминал экранына шығарылады. Қызмет бойынша сәйкестендіргіш ретінде кез келген ресми құжат: төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлік және т.б. жеке басты куәландыратын құжаттар қолданылады. Билеттерді терминалдар арқылы Қазақстан азаматтары да, ТМД елдерімен қатар, өзге елдердің азаматтары да сатып ала алады».

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, бір транзакция барысында ең көбі төрт билет сатып алуға мүмкіндік бар. Транзакциялар саны шектеусіз.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ақпаратына сәйкес, терминал арқылы билет сатып алудың толық нұсқаунамасы мынадай: «Бас мәзірдегі «Көлік және туризм» («Транспорт и туризм») бөліміне кіріп, одан кейін - қызметтерді жеткізушілер тізімінен «Қазақстан темір жолын» табу керек. Одан кейін, сапарыңыздың барлық параметрлерін таңдап, ұялы телефон нөмірін енгізіп, төлеу үшін қажетті соманы салу керек. Ақша номиналы сатып алу сомасынан асатын болса, артық ақша пайдаланушының ұялы телефонына аударылады. Билет пойызға мінген кезде күшіне енетін чекке басылып шығарылады.

Егер аппараттағы чек таспасы таусылып қалған болса, чек дубликатын кез келген өзге QIWI терминалынан алуға болады. Ол үшін станцияны таңдау парақшасында «Дубликат чека» («Чек дубликаты») түймесін басып, билетті сатып алу барысында пайдаланылған телефон нөмірін (яғни, артық ақша жіберілген телефон нөмірін) енгізу қажет. Одан кейін чек қажет етілетін тапсырысты таңдап, «Далее» («Әрі қарай») түймесін басыңыз, нәтижесінде чек басылып шығарылады».

Дайындаған Сәуле ТАСБОЛАТОВА

11 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.