Атырау, 18 мамыр 15:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Киев түбіндегі өртте екі өрт сөндіруші жоғалды

1 394 просмотра

Image 0Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков бүгін Киевке жақын Васильков каласындағы жанармай сақтау қоймасында қуатты жарылыстан шыққан өртте екі өрт сөндіруші із-түзсіз жоғалғанын хабарлады.

Киевтен 30 километр қашықтықтағы Васильков қаласындағы жанармай қоймасында болған өрттен 16 резервуар өртенген. Аваковтың сөзінше, бұған дейін мерт болды деп саналған бірнеше өрт сөндіруші өрт болған аумақтан аман-есен шығарылған. Өрттен бес жұмысшы зардап шеккен.

Әуелде 8 маусым күні кешке бір резервуарда тұтанған өрт басқа сегіз резервуарға көшкен. Бұл резервуарлардың сыйымдылығы 900 текше метрді құрайды.

Полицияның мәліметінше, өрт техникалық ақаудан шыққан болуы мүмкін, бірақ өрттің нақты себебі әзірге белгісіз.

Өртті сөндіруге 300-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

9 маусым 2015, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.