Атырау, 28 қараша 15:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Түйелер қала кезіп жүр

2 088 просмотра

Төрт түйенің қала орталығындағы жасыл-желекті қорек етіп жүргеніне екінші күн болды.

Мұндай кәсіпшілікке төрттік әдетте түні қараңғылығында шығады, бұған facebook әлеуметтік желісіне салынған фотосуреттер дәлел болады. Күн шыққан кезде жануарлар анағұрлым аулақ, оңаша жерде болғанды жөн көреді. Оларды Атамбаев көшесінің сыртқы жағында демалып жатқан жерінен көрдік.

Жарияланым шығар алдында «шөл кемесінің» «Арнаулы автобаза» күшімен қаладан әрірек Дамбы жаққа қарай қуып шығарылғаны анықталды.

- Әдетте, иесіз малды ұстаймыз, - дейді «Арнаулы автобаза» КМК директоры Мұратбек МАХАНОВ, - Полицияны шақырып, олар хаттама толтырып, кейіннен қожайынына айыппұл салады. Бірақ көбінесе полиция келгенше мал иелері пайда болып, барлық іс жай ескертумен реттеледі. Айта кетелік, жақында мынадай жағдай болды: Ерниязов көшесінің бойында отыз шақты ешкі бақташысымен кезіп жүрді. Біз оған жақындап барған кезде, оның ешкілерін қала ортасына – қалалық газонды жұлуға апарғаны белгілі болды. Бұлай жасауға болмайтынын білген кезде, бақташы қатты таң қалды.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

9 маусым 2015, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.