Атырау, 25 қараша 19:47
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

G7 басшылар терроризм мен климаттың өзгеруін талқылайды

1 892 просмотра

Image 0Баварияда өтіп жатқан "Үлкен жетілік" (G7) елдері саммитінің екінші күнінде терроризм қаупі мен климаттың өзгеруі мәселесі талқыланбақ. Кейбір ақпараттарға қарағанда, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Канада, Жапония және Италия басшыларының кездесуіне Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади мен Нигерия президенті Мохаммад Бухари да қатысып жатыр. Жиында Ирак пен Сирияның біраз бөлігін басып алған "Ислам мемлекеті" мен Нигерияда жиі жарылыс ұйымдастыратын "Боко Харам" сияқты экстремистік ұйымдардан төнетін қауіп-қатер жайы талқыланбақ.

G7 саммиті 7 маусымда ашылған. Саммиттің алғашқы күні Украинадағы дағдарыс жайы қаралған. Саммит қарсаңында АҚШ президенті Барак Обама мен Германия канцлері Ангела Меркель Ресейге қарсы санкцияны Мәскеу Донбасстағы қақтығысты тоқтату келісімін толық орындамайынша және Украинаның егемендігін танымайынша күшінде қалдыруға уағдаласқан.

Дереккөз: azattyq.org

8 маусым 2015, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.