Атырау, 17 мамыр 15:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​ҰБТ: 120 баллдан «анықтамаға» дейін

1 976 просмотра

Image 1Атырау облысында Бірыңғай ұлттық тестілеуге 3 527 қатысушылардың 1 824-і межелік өту балынан (50) өте алмады.

Алдын ала қорытындылар бойынша ҰБТ-ға 3 527 талапкер қатысты, бұл жалпы мектеп түлектері санының 73,3 пайызын құрайды. Орташа балл – 61 балл. «Алтын белгі» төсбелгісін алуға 105 үміткердің 25-і, ерекше үлгідегі аттестатқа 44 үміткердің 8-і өз білімдерін қорғап шықты. Облыстағы ең үздік нәтижені – 120 баллды Досмұхамедов атындағы лицей түлегі Нұрай НҰРЫМЖАНОВА (суретте) жинады.

Заң бұзушылықтар да болды: 2 және 4 маусымда ҰБТ кезінде ұялы телефон пайдалану кезінде ұсталған алты адамды аудиториядан шығарып жіберді. Олардың тест нәтижелері күшін жойды, ал бұл олар тек мектеп бітіргендігі туралы анықтама ғана алады деген сөз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 маусым 2015, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.