Атырау, 30 мамыр 15:22
 дождьВ Атырау +21.7
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Ауылдық округ әкімі пара алды деп айыпталуда

3 314 рет қаралды

Image 0ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің қызметкерлері Атырау қаласындағы ауылдық округтердің бірінің әкіміне қатысты қылмыстық істі тергеп, сотқа жолдады.

Департамент басшысының міндетін атқарушы Нұрлан ҚАМБАТЫРОВ былай деп хабарлады: «Атырау қаласындағы ауылдық округтердің бірінің әкіміне қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол жеке кәсіпкер К-ден коммерциялық мақсат үшін жер телімін кеңейтуге өз келісімін бергені үшін, сондай-ақ, әрі қарай қажетті құжаттарды ресімдеуге көмектескені үшін 110 000 теңге пара алды деп айыпталуда. Қазіргі кезде қалалық №2 сотта қылмыстық іс тергелуде».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 маусым 2015, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.