Атырау, 23 қараша 06:17
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Іскер әйелдер жұмысты киізден бастады

2 494 просмотра

Image 0Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Отырыста Іскер әйелдер кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. Естеріңізге салсақ, оның тізімі 17 наурызда ҚР ҰКП президиумының төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ қатысқан Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысында ұсынылды. Сол кезде 2015 жыл өңірлер жылы болып жарияланды. Сондықтан ауылдар мен аудандарға баса көңіл аударылатын болады.

- Кеңестің мақсаты – өз бизнесін бастап жатқан әйелдерге қол ұшын беру, Қазақстанның «іскер, әлеуметтік-белсенді әйелдері» мәртебесін көтеру, - дейді Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Әлия БЕКҚОЖИЕВА.

Кеңес оқыту тренингтерін, семинарлар ұйымдастыру, перспективалы бизнес-идеяларға қолдау көрсету және т.б. істермен айналысатын болады. Атап айтқанда, отырыста «Ұлттық дәстүрді жандандыру – киізбен жұмыс» жобасы талқыланды. Кәсіпкерлер палатасы киіз өндірісіне қызығушылық білдіретін әлеуетті кәсіпкер әйелдерді іздейді. Киіз өнерінің шебері – үйретуші шақыртылады. Жоба маусымда іске қосылады деп күтіліп отыр.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

8 маусым 2015, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.