Атырау, 23 қараша 05:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұнай институты университет болады, ал студенттер қалашығы кампусқа айналады

7 956 просмотра

Image 0Қазіргі кезде АМжГИ-ді Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне өзгерту мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы баспасөз конференциясында оқу орнының ректоры Әли ӘБІШЕВ хабарлады.

Институтты университетке өзгерту мәселесі АМжГИ жұмысындағы алда тұрған үлкен өзгерістермен тікелей байланысты. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы (ҮИИД) бойынша қазақстандық он жоғары оқу орны анықталып, олардың базасында ғылымның экономикамен байланысы қамтамасыз етіледі – АМжГИ осы ондыққа енді. Жаңа оқу жылында ҮИИД бағдарламасы аясында институтта «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша, сонымен қатар APEC Petrotechnic-пен бірлесіп қолданбалы бакалавриаттың төрт мамандығы бойынша бакалаврлар дайындау жүргізілетін болады. «Мұнай-газ ісі» мамандығының студенттері эксперименталды бағдарлама бойынша оқитын болады, олар оқу аудиторияларындағы теориялық білім беруден бөлек «Ембімұнайгаз» АҚ мұнайшыларының жетекшілігімен өндіріс циклдеріне тікелей қатыса алады. Ол үшін институт қазіргі кезде «Құлсары» мұнай кен орнына жақын жерде оқу-өндірістік полигонын жасақтау туралы «Қазмұнайгаз» ҰК-мен келісімге келді.

Ә.Әбішев оқу орнын жаңғыртудың бас жоспары туралы айтып өтті, оның бір бағыты - жаңа сұранысқа ие мамандықтарды ашу. Мәселен, оқу тілі ағылшынша жүргізілетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің, ресейлік МГУ және өзге де еліміздегі және шетелдегі жоғары оқу орындарының професорлық-оқытушылық құрамын шақыра отырып, «Қаржы» жаңа мамандығы енгізіледі. 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Ресей халықтар достастығы университетімен (Мәскеу қ.) бірлескен «Юриспруденция» мамандығы бойынша «Мұнай-газ саласындағы халықаралық құқық» мамандығы бойынша бакалаврлар даярлау басталады. Түлектерге Ресей халықтар достастығы университетінің мемлекеттік үлгідегі дипломы берілетін болады.

Қос дипломға «Теңіз техникасы және технологиялар» мамандығында 2+2+1 формуласы бойынша оқитын бакалаврлар үміттене алады: АМжГИ-да екі жыл, Каспий теңіз және өзен транспорты институтында (Астрахан қ.) екі жыл, тағы бір жыл тәжірибеден өтеді. Осындай қос дипломды білім беру бағдарламасын біздің оқу орны Халықаралық экономика және қаржы институтымен (Астрахан қ.) бірлесіп «Экономика», «Менеджмент» және «Қолданбалы информатика» мамандықтары бойынша жүзеге асырмақшы.

- 2015 жылдың қыркүйегінен бастап «Мұнай-газ ісі», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Технологиялық машиналар және құрал-жабдықтар», «Автоматтандыру және басқару» мамандықтары бойынша бакалаврларды ағылшын тілінде оқытатын топтарда дайындай бастаймыз. Лекциялар оқу үшін Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің, Хьюстон университетінің (АҚШ), Сиань мұнай университетінің (ҚХР) профессорлары шақыртылады, - деп хабарлады Ә.Әбішев.

Студенттік кампусты америкалық үлгіде дамыту стратегиясы бөлек әңгімеге арқау болды. Әңгіме Привокзальныйдағы қазіргі студенттік қалашықты студенттерге арналған оқу-өндірістік және ғылыми-зерттеу орталығына айналдыру туралы болып отыр. Сонымен қатар мұнай-газ саласындағы жаңа технологиялар үлгісі қойылған ашық аспан астындағы технологиялық музей жасақтау да жоспарлануда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

8 маусым 2015, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.