Атырау, 3 маусым 08:40
 дождьВ Атырау +14.4
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

«Атырау» жанкүйерлерін қайтарды

1 706 рет қаралды

Image 0


6 маусымда футболдан ҚР чемпионатының 15-турының матчында «Атырау» командасы «Мұнайшы» стадионында қызылордалық «Қайсар» командасын қабылдады.

20-минутта «Атырау» құрамындағы черногорлық шабуылшы Иван ИВАНОВИЧ керемет шеберлігімен көзге түсіп, есеп ашты. Бірінші таймның соңғы минутында қызылордалық Ян ВОРОГОВСКИЙ жауап голын соқты. 53-ші минутта «Атырау» қорғаушысы Антон ГРИГОРЬЕВ қожайындарды алға шығарып, 2:1 есебі финалдық ысқырыққа дейін өзгермеді.

Осы жеңістен кейін «Атырау» қайтадан турнирлік кестенің екінші сатысына көтерілді. Команданың қазіргі табысы жергілікті стадионның келу санына едәуір әсер етеді: «Қайсармен» болған матчта 6 мыңдай жанкүйерлер қатысты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Image 1

8 маусым 2015, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.