Атырау, 17 мамыр 16:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Азамат Тәжіаяқовтың әкесі Әмір Ысмағұлов: «Біздің адвокаттар аппеляциялық шағым береді»

3 216 просмотра

Image 0Әмір Ысмағұлов. Фото: ReutersАҚШ соты қазақстандық студент, Атырау өңірінің тумасы Азамат ТӘЖІАЯҚОВТЫ 3 жыл 6 айға түрмеге қамау туралы үкім шығарды. «АЖ» телефон арқылы қазір Бостонда тұрып жатқан Азаматтың әкесі, атыраулық кәсіпкер Әмір ЫСМАҒҰЛОВПЕН байланысқа шықты.

- Біз әрине, оған қамау жазасын бергеніне өкінеміз, - дейді Ә.Ысмағұлов. – Қазір адвокаттар аппеляциялық шағым дайындап жатыр, бірақ сот үкіміне емес, сотта қаралған айыптау бабы бойынша. Өйткені, басында сот Царнаевтың қоқысқа тасталған сөмкесі тікелей айғақ болып саналмайды және қандай да бір құпия ақпарат болып табылмайды деп шешті ғой. Олай болса, неге ұлымның ісі түрлі құрылғыда сақталған қаржылық құжаттар мен ақпараттарды жойғанын қарастыратын айғақ заттарды жою бабы бойынша, яғни, қаржы алаяқтарына қатысты бап бойынша қарастырылды?

- Біздің түсінуімізше, ұлыңызға тергеу және сот процесі барысында қамауда өткізген екі жыл мен бір ай мерзімді есептейді ғой.

- Иә, оның үстіне АҚШ заңы бойынша, үкімге дейін кімде-кім федералды түрмеде отырса, оның жаза мерзімін 15 пайызға дейін қысқартады. Сонда Азаматқа 10 ай мерзім отыру қалып тұр деп есептеп отырмыз.

- Түрме мекемесінде ол қалған мерзімін қандай режимде өтейді?

- АҚШ-та үш режим: ауыр, орташа және жеңіл режим қолданылады. Сотталғандардың қандай режимде, қай түрмеде жазаны өтейтінін судья емес, сот бюросы шешеді екен. Судья Азамат үшін жеңіл режим беруді сұраймын деді.

Естеріңізге салсақ, қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжіаяқов 2013 жылы сәуірінде Бостонда орын алған лаңкестікті тергеу ісіне кедергі келтірді деген айыптаумен американдық сот алдында жауап берген болатын. 2 маусымда Диас Қадырбаев 6 жылға түрме жазасына кесілді.

Айнұр САПАРОВА

7 маусым 2015, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.