Атырау, 5 мамыр 04:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Сақшылар сыналған сәт

2 383 просмотра

Image 02-4 маусымда облыс полицейлері президенттік сынақ нормативтерін тапсырды.

Онда спорттық сынақтардың бірнеше түрі енген. Орнында тұрып алысқа секіру, мылтықтан оқ ату, граната лақтыру, жүзу және 60, 100, 1 000, 2 000 және 3 000 метр қашықтыққа жүгіру. Емтихандар 5 санаттан тұрады. 1). «Батыл әрі епті» – 4-7 сыныптарда оқитындарға; 2). «Спорттық ауысым» – 9-сынып оқушыларына; 3). «Күш-қуат және ерлік» – жоғары сынып оқушылары мен колледждің бітіруші курсы студенттеріне; 4). «Физикалық жетілдіру» – жоғары оқу орындарын бітіруші курсының студенттері мен 24-тен 39 жасқа дейінгілерге; 5). «Сергектік және денсаулық» - жасы 40-тан асқандарға арналған.

Полицейлер жас ерекшеліктеріне қарай 4-ші немесе 5-ші дәрежедегі нормативтер тапсырды. Жас қызметкер ер адамдар 13,5 секунд ішінде, әйелдер 16 секундта 100 метр жүгіруі тиіс болды. Ер адамдар 2,5 метр, әйелдер 1,9 метр қашықтыққа секірулері тиіс болды. Айта кетейік, сәтсізтік полицейлердің қызметтік аттестациясына ешқандай әсер етпейді.

ІІД-нің кадрлық жұмыс басқармасының бөлім басшысы Нұржан ШАЕДЕНОВТЫҢ айтуынша, екі күн ішінде 400-ге жуық қызметкер сынақтан өткен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

5 маусым 2015, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.