Атырау, 9 ақпан 14:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Полиция оқиға орнынан ізін суытқан ЖКО-ға кінәліні ұстады

2 707 рет қаралды

Image 031 мамыр күні кешкісін қала сыртындағы Тасқала-2 елдімекені көшелерінің бірінде белгісіз жүргізуші 8 жасар қызды қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Қазір қыз бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

ІІБ баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлағандай, 1 маусым күні жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жол-патруль қызметінің аға сержанты Ренат ИМАШЕВ қыз баланы «Лада-Калина» автокөлігімен 21 жастағы әйелдің қаққанын анықтады. Г.Мұхтарованың айтуынша, оқиғаға кінәлі тұлға өз кінәсін толығымен мойындады. Қазіргі таңда іспен ІІБ тергеу бөлімі айналысуда.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті ІІБ баспасөз қызметі ұсынды

3 маусым 2015, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.