Атырау, 28 қараша 13:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

ҰБТ: бірінші күн тыныш өтті

2 977 просмотра


2 маусымда АМУ жанындағы №30 Ұлттық тестілеу орталығы филиалында 17 мектептен 586 талапкер ҰБТ тапсырды – бұл бірінші кезең болатын. Екінші және үшінші кезең 4 және 6 маусымда болады.

Тестілеудің бірінші күні-ақ талапкерлерді қатаң тексеру мен ұялы телефондардың рекордтық санын тәркілеуге қатысты жанжал туған өткен жылға қарағанда бұл жолы бәрі тыныш өтті деуге болады. Десек те, ата-аналар бізге балаларына өздерімен бірге емтиханға гаджеттер мен шпаргалкалар алуға тыйым салды деп сенімді түрде айтса да, талапкерлер қайтсе де жасырын түрде телефондар мен жазбаша жауаптарды алып кірді. Кейбірі оларды қолдана да алды.

– Мен №3 аудиторияда болдым, бізде балалардың көбісі телефондар қолданды, – дейді №1 мектептің түлегі. Ал өзі тәуекелге бармауды шешіп, ұялы телефонын университет жанында күтіп тұрған анасына қалдырып кеткен. Ол сауалдардан да мәселе туындамағанын айтады. Ұқсас сауалдар сынақтық тестілеуде кездескен екен, оның айтуынша, қате тапсырмалар болмаған. Басқа аудиторияда емтихан тапсырған Айгүл іште «телефон тұншықтырғыш» жұмыс істегенін айтты, сондықтан телефондардан пайда болмаған, тек калькулятор ретінде пайдаланыпты. Шпаргалкалар қолданған балаларға кезекшілер жақындап, бұлай жасамауларын ескерткен.

– Бізде аудиторияда ұялы байланыс және бейнекамераны тұншықтырғыш екі құрылғы болды, – дейді Айгүл.

Тестілеуден шыққан жастарды қошеметпен қарсы алып жатты, достары мен туыстары олардың есімдерін дауыстап айтып, араларынан біреу өзімен бірге үрлемелі шарларды толтырып әкеліпті. Сынақтан өткен талапкерлерге басқа мектептердегі таныстары қиын болды ма, қандай қитұрқы сұрақтар кездесті, не нәрсеге ерекше мән беру керек деген сауалдарды үйіп-төкті.

– Барлық пәндерден мен сынақтық тестілеу кезінде кездестірмеген бірнеше жаңа, таныс емес сұрақтар болды. Әсіресе Қазақстан тарихы мен қазақ тілінен күрделі тапсырмалар болды. Мәтінді оқып, оны талдап, кейін жауап жазу керек еді. Әйтеуір, бағыма қарай математика мен физикадан барлық тапсырмаларды біледі екенмін, мен физиканы бейінді (профильді) пән ретінде таңдағанмын, – деп бөлісті өзінің әсерімен №30 мектеп түлегі Дәулет ҒАБДУЛИН.

– Емтихан кідіріссіз басталды, талапкерлер ғимаратқа кірерде ешқандай бұзушылықтар тіркелген жоқ. Талапкерлер тесті қажетті техникамен арнайы жабдықталған 10 аудиторияда тапсырды. Сонымен бірге біз тағы екі резервтік аудитория дайындап қойған болатынбыз, – деп атап өтті №30 Ұлттық тестілеу орталығы филиалының басшысы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА. Әзірге расталмаған ресми ақпарат бойынша тестілеу кезінде дегенмен бір жайсыз жайт болған, бірақ бұл туралы қабылдау комиссиясының мүшелері ресми құжат толтырып болған соң айтып беруге уәде берді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

3 маусым 2015, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.