1 маусым күні таңда Атырау халқын қатты күн күркірі оятты. Самал ықшамауданындағы №6 үйге найзағай түсті. Ешкім зардап шеккен жоқ, алайда үйдің шатыры түгел жанып, жаңа ғана салынып біткен коттедждің екінші қатары бүлінді.
Үй иелерін біз орындарынан таппадық. Көрші үйді салып жатқан құрылысшылардың айтуларынша, өрттен кейін олар туыстарына кетіпті. Үйлері өртенген жандардың көршілері мен құрылысшылар үй шатырының нақты найзағайдан жанып кеткенін айтып берді.
Қалалық әкімдікте осындай табиғат құбылыстарынан зардап шеккен жандарға не істеу керектігі туралы бірден жауап бере қоймады, алдымен жазбаша сұраныс жіберуді талап етті. Біз сұранысқа жеке құрылыстардағы жайтартқыштардың (молниеотвод) болуын кімнің бақылайтыны туралы сұрағымызды да қоса жібердік.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ