Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша, Жылыой аудандық сотының құрамы бірден екі судьямен толықты.
Мұндағы судья лауазымдарына Абай АСАЛОВ пен Шолпан ИСМАГАМБЕТОВА тағайындалды.
Атырау қалалық сотының судьялары Айша АЙТПАЕВА, Сәкен ЕРАЛИЕВ және Анжелика ІЗТЕЛЕУОВА «басқа жұмысқа ауысуларына байланысты» атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА