Атырау, 28 қараша 13:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Көше бишілері» ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылады

2 511 просмотра

«АЖ» сайтында оқырмандарымыздың бірі жіберген Атыраудың орталық көшелерінің бірінде іш киімді жарнамалаған екі қыздың бейнежазбасы жарияланған соң («Күтпеген жайттарға толы көше») «көше бишілеріне» қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша іс қозғалып, әкімшілік сотқа жолданды.

ІІБ баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, қыздардың жасы 20-да, бір ай бұрын Атырауға көршілес Ақтау қаласынан келген екен. Олардың өздерінің айтуларынша, ол жерде де осындай жарнамалау акцияларына бірнеше рет қатысқан. Оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 10 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Жанында бұл қыздар билеген автокөлік те анықталды. Ол ережелерге қайшы жүргіншілер жолында тұрған еді. Көлік жүргізушісі – дүкен иесінің туысқаны – ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы («Көлік құралдарына тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Г.Мұхтарованың хабарлауынша, полицияға, сонымен қатар, дүкен иелері де шақыртылған. Қыздардың айтуларынша, олар жарнамалық акцияға тапсырыс берген. Осы жарияланым шығар кезде олар Атырау қалалық ІІБ келіпті.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

2 маусым 2015, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.