Мәскеу мегаполисінің қақ ортасында өткен акция кезінде қызткелер мен православ белсенділері арасында қақтығыс орын алды. Бұл жайында «Вести.ru» ақпарат көзі хабар таратты.
Тәртіпсіздікке себепкер болғаны үшін акцияны ұйымдастырушылардың бірі Николай Алексеев пен «Құдайдың қалауы» атты діни қозғалысының жетекшісі Дмитрий Энтео тұтқындалды.
Алдын-ала деректерге сүйенсек, православ белсенділері Тверь көшесіндегі қала әкімдігінің алдында түтіндетіп жүрген Николай Алексеевті соққыға жыққан көрінеді. Осы тәртіпсіздікке байланысты Мәскеудің негізгі көшелерінің бірі Тверь көшесі екі жағынан жабылған.