Үндістанда 1400-ге жуық адам аптап ыстықтың құрбанына айналды. Он күннен бері елдің шығысында ауа температурасы 49°C градустан түспей тұр. Андхра-Прадеш пен Телангана штаттарының биліктері ұсынған мәлімет бойынша, осының кесірінен күн сайын жүздеген адам жан тапсырып жатыр, деп хабарлайды euronews.com.
Ыстықтың салдарынан электрмен қамту қызметі де бір үзіліп, бір қосылып тұр. Мұның өзі жағдайды тым күрделендіріп отыр. Себебі жарықтың жоқтығынан халық кондиционер және басқа да желдеткіш құралдарын қолдана алмай әбігерге түсуде.
Ауруханаларда ыстықтан зардап шекендерді қабылдағанымен, ондағы жағдай да көңіл көншітерлік емес.
«Таңғы оннан бері жарық жоқ. Әкімшілік көмектесе алмай отыр. Ешкімнің ешкімде шаруасы жоқ. Бір кереуетте екі-екі адамнан жатыр. Жағдай қиын», - дейді медицина қызметкері.
Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы бірқатар аймақтарда 50°C дейін жетуі ықтимал, содан соң сәл түсе бастайды. Алайда тиіпті Үндістан үшін жат шыжыған ыстық әлі он күнге созылады.
Дереккөз:bnews.kzbnews.kz
28 мамыр 2015, 15:03
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.