Атырау, 16 сәуір 23:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 474.08
€ 558.28
₽ 6.26

Қазақстанда АИ-92 бағасы 140 теңге болуы мүмкін

3 049 рет қаралды

Image 0Қазақстанда күзге қарай бензин тағы да қымбаттайды, - деп жазады"Колёса".

Қазақстанның кеден брокерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Геннадий Шестаковтың мәлімдеуінше, АИ-92 маркалы бензині күзге қарай 120-140 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Оның сөзіне қарағанда, мұндай қымбатшылықтың болуына ДСҰ құрамына кіру мен Ресейдің отын нарығы, дәлірек айтқанда солтүстігіміздегі көрші елдің қымбат жанармайы әсер етеді.

Сонымен қатар, мұнай-газ саласының сарапшысы Сергей Смирнов қызықты дәйекті келтірді - 2013 жылы наурызда мұнайдың баррель бағасы 109 доллар болғанда, АИ-92 бензинінің бағасы 110 теңгеге түсті, ал мұнайдың бағасы 102 долларға түскенде, бензин керісінше, 128 теңгеге қымбаттады. Қазіргі таңда мұнайдың баррель бағасы - 65 доллар, ал бензиннің бағасы 108 теңге болып бекітілді. Демек, сарапшының айтуынша, бензиннің қымбаттауы мұнай бағасымен байланысты емес.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин бағасының 108 теңгеге дейін көтерілгені хабарланған болатын. Тиісті құжат Қазақстанның Энергетика министрлігінде жарияланды. Осыған ұқсас жағдай 2014 жылы тамызда болған еді, ол кезде АИ-92 маркалы бензиннің әр литрі 141 теңге болады делінді. Сарапшылардың айтуынша, мұндай тәжірибе қоғамдық пікірді тексеру мақсатында жасалуы мүмкін.

Дереккөз: tengrinews.kz

28 мамыр 2015, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.