Атырау, 6 қазан 07:28
 ашықВ Атырау +24
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Назарбаев: Азияда ортақ валюта құрылуы мүмкін

1 900 просмотра

Image 0Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік тілшіге берген сұхбатында азиялық аймақта ортақ валюта құру мәселесі ешуақытта күнтізбеден алынбағандығын айтты деп хабарлады «» арнасы.

Елбасы ортақ валюта құру әлемдік экономикаға доллардың әсерін азайтудың ортақ шешімі болуы мүмкін екенін алға тартты. Ортақазиялық валюта америкалық валютамен бәскеге түсетін болады.

Назарбаев көптеген көршілес мемлекеттер ортақ валюта туралы ойлана бастағанын айтты. Алайда, әлемдік дағдарыс салдарынан бұл мәселе кейінге шегеріліп отыр.

“Турасын айтатын болсақ, біз бір әлемдік валютаға тәуелді болып отырмыз. Ол – доллар. Біз бұл қаржы бірлігін өндіру үрдісіне қатыспаймыз. Мұны жалғыз мемлекет іске асырады. Эмитент те (ақша шығарушы) біреу. Бұл көптеген мемлекеттер үшін үлкен тәуекел. Сол себепті, мәселені БҰҰ шешпейтін болса, әр ел әрі қарай өзінше әрекет жасауға шешім қабылдайды", – деді президент.

Азияда ортақ валютаны енгізу мәселесі бұрыннан көпшіліктің талқылауына түскен болатын. Азиялық банк дирекциясының сөзіне сүйенсек, ортақ валютаны құрып, енгізу – талай онжылдықтарға созылуы мүмкін ұзақ үрдіс.

Дереккөз: Nur.kz

28 мамыр 2015, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.