Атырау, 6 қазан 07:27
 ашықВ Атырау +24
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

ОҚО-да зорланған 15 жастағы қыз бала өмірмен қош айтыспақ болды

4 457 просмотра

Image 0Оңтүстік Қазақстан облысы Қарабұлақ ауылында 15 жастағы қыз баланы 3 ер кісі зорлағаннан кейін жеткіншек өзіне қол салған. Жантүршігерлік жағдайға байланысты жабық сот жүріп жатыр.

Бұл туралы -ке сілтеме жасап хабарлады.

Зорланған жеткіншек әлі кәмелеттік жасқа толмағандықтан, іс кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты мамандандырылған ауданаралық сотта жабық түрде қаралуда.

2014 жылдың жазында Қарабұлақ ауылының 15 жастағы тұрғыны сірке суын ішіп, өмірмен қош айтыспақ болған. Өзіне қол салған жеткіншекті дәрігерлер дер кезінде аман алып қалды. Кейін туыстары сұраққа алғаннан кейін қыз-бала оны үш ер кісінің зорлағанын айтқан.

Белгілі болғандай, жергілікті тіс дәрігеріне емделуге барған жеткіншекке дәрігер ауырсынуды сездіртпейтін дәріні шамадан тыс берген. Салдарынан қыз-бала ес-түссіз күйге түскен. Есін жинағанда оқушы дәрігердің үйінде екенін түсінген. Ер кісі екі досымен бірігіп, жеткіншекті күні бойы үйінде күшпен ұстап, зорлаған.

Сот әзірге күдіктіге қатысты үкім шығармады.

Дереккөз: Nur.kz

28 мамыр 2015, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.