Атырау, 6 қазан 07:39
 ашықВ Атырау +24
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Шымкенттік мұғалім даулы видеоның басты кейіпкері болды

1 759 просмотра

Image 0Қазнет қолданушылары ҚР Білім және ғылым министрлігінен даулы роликтің басты кейіпкері болған мұғалімді жазалауды сұрап отыр. Оқытушының оқушыны сыныптастарының алдында қорлауының куәсі болған адам видеоны Интернетке "Бүгінгі мұғалімнің кейпі" деген атаумен жүктеген, - деп хабарлайды "31 арна".

Роликтің ұзақтығы бір минутқа да жетпейді, дегенмен, осы уақыт ішінде мұғалімнің оқушыны сыныптастары алдында қорлап, тіл тигізгенін көруге болады. Оқушылардың ешқайсысы сыныптасына жақтасқан жоқ. Мұғалімнің қорлығына ұшыраған оқушы да үндемеді. Оқиғаның неден басталғаны белгісіз.


КТК телеарнасының хабарлауынша, ролик Шымкенттегі мектептердің бірінде түсірілген.

Дереккөз: tengrinews.kz

28 мамыр 2015, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.