Атырау, 6 қазан 07:29
 ашықВ Атырау +24
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Әскери журналистер бітімгершілік операцияларға қатыса алады - қорғаныс министрлігі

1 860 просмотра

Image 0Астана. 28 мамыр. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстандық әскери журналистердің бітімгершілік операцияларға қатысуына ешқандай кедергілер жоқ, деп мәлім етті ҚР қорғаныс вице-министрі Талғат Мұхтаров.

«Қажет болса, БҰҰ мәліметтерінше, заң бойынша, журналистердің бітімгершілік операцияларға қатысуына ешқандай кедергі жоқ. Шын мәнісінде журналистер де жауынгерлер сияқты Қарулы күштерінің күнделікті тіршілігінде күн сайын әскери дайындықтардан өтіп жатыр.

Ал оларды дайындауға қатысты айтатын болсақ,біздің оқу мекемелерінде біз ондай мамандықтарды дайындамаймыз», - деді Т. Мұхтаров бейсенбі күні бітімгершілік іс-әрекет жайлы заң жобасын парламент сенатында таныстырып тұрып.

«Әскери журналистерді біз келісім бойынша Ресей Федерациясының әскери институтында дайындаймыз. Қазірге біз сонда 7 журналисті дайындап жатырмыз», - деді ол.

Дереккөз: ҚазТАГ

28 мамыр 2015, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.