Атырау, 21 желтоқсан 18:19
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

​Болашағы зор жас батырлар

1 945 просмотра

ҚР IV Жазғы Спартакиадасы аясында Қарағандыда карате WKF бойынша жарыстар өтті. Турнирге еліміздің 13 өңірінен 155 спортшы қатысты. Атырау намысын «Қайсар» клубы мен 2-БЖСМ шәкірттері қорғады.

Жаттықтырушы Сансызбай ТОРҒАЕВТЫҢ айтуынша, жеңімпаздар Йокогамада өтетін каратеден Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құрамаға алынды.

Біздің шәкірттеріміздің барлығы жақсы өнер көрсетті, – дейді С. Торғаев. – 55 келіге дейінгі салмақта Әсел Серікова екі жеңіске жетіп, финалға шықты, алайда ақтық айқаста ҚР чемпионы, 2014 жылғы Азия Ойындарының жүлдегері маңғыстаулық Сабина Захаровадан ұтылып қалды.

Мен ақтық айқаста жеңгім келді, алайда сәл бір нәрсе жетпей қалды, - дейді Әсел. – Аянбай тер төгу керек, нәтижесінде бәрібір жеңіске жетемін.

61 келіге дейінгі салмақта Анна Абдирова өнер көрсетті. Ересектер арасындағы жарысқа алғаш қатысып отырғандықтан, «қола» жүлде де - жетістік. Спортшымыз Жанаргүл Мархабақызының жолы болмады, ол алғашқы айқасында жарақат алып, жарысты жалғастыра алмады.

Абсолюттік салмақ дәрежесін-де «Қайсар» клубының жас та талантты спортшысы Жаңбыр Марат (шито рю каратеден Азия чемпионы) шықты. Алғашқы айқасын жеңіспен аяқтады, алайда ширек финалда белгілі ақтаулық спортшы Халид Халидовтан (Қазақстан құрамасының көшбасшысы, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері) ұтылды. Жарыс қорытындысында атыраулықтар командалық үшінші орынға ие болды.

Спортшыларды жаттықтырушылар Айбат Рахман, Сансызбай Торғаев, Болат Ізбасханов, Ольга Айтжанова дайындады.

Анастасия ПАСТУХОВА

28 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.