«Ақ Жайық» газетінің 15.01.15 күнгі №3 нөмірінің 4-бетіне газеттің меншікті тілшісі Ләззат Қаражанованың «Мердігер ісі сотта қаралады» мақаласы жарияланды және мұнда мені өтірікші, адамгершілігі төмен адам ретінде көрсететін ақпараттар берілген. Бұл ақпараттар шындыққа сәйкес келмейді.
Алдымен, «Перзент» ЖШС басшысының сараңдығынан «Дина» ЖК жұмысшылары жалақыларын алған жоқ деп көрсетілген Нұржау бойынша ақталып көрейін.
Шартты орындау мақсатында рекрутивтік фирма ретінде «Дина» ЖК-ден 19.07.14 күнгі №4 шартқа сәйкес, жалпы сомасы 31 500 000 теңгеге жұмысшылар жалдадым. «Перзент» ЖШС қосалқы мердігер ұйымның жұмысшыларының жалақы алмағанына жауапты емес. Тіпті, олардың ішкі қызметтеріне араласуға құқығым да жоқ. Бүгінгі таңда «Дина» ЖК-ге қолма-қол және аудару жолымен 14 037 000 теңге, материалдармен 17 551 652 теңге берілді, яғни, «Дина» ЖК-ге қарызым жоқ. «Дина» ЖК қызметкерлері Г.Б. Сабралиева мен А.М. Хойлов Атырау қалалық сотына «Перзент» ЖШС-пен жасалған еңбек шартын заңды деп тануға шағым берді, алайда сот 27.01.2015 күнгі шешімімен талап-арызды қараудан бас тартты. Бұл мен туралы жазылған келеңсіз мәліметтердің қате екендігін дәлелдейді.
Енді «Перзент» ЖШС директорының кінәсінен жалақыларын ала алмай жүрген «Тама Дауыл» ЖК қызметкерлері жұмыс жасаған Сағыз ауылындағы жүргіншілер көпіріне тоқталайын.
Тапсырыс беруші Атырау облыстық «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ «Мирас» ЖШС-пен жалпы сомасы 125 445 913,60 теңге болатын «Сағыз ауылында темір жол үстінен жүргіншілер өткелін салу» 24.04.14 күнгі №18/2014/ОБ мердігерлік шартын жасады. «Мирас» ЖШС осы нысанға «Перзент» ЖШС-пен 04.05.14 күнгі №3 қосалқы мердігерлік шартын жасасты. Ал «Перзент» ЖШС жұмысшы тарту үшін «Тама Дауыл» ЖК-мен 20 000 000 теңгеге 20.06.14 күнгі №3 шартын жасады. «Перзент» ЖШС-тан «Мирас» ЖШС-қа орындалған жұмыс акті тапсырылғаннан кейін «Тапсырыс беруші» 11.09.14 күні №4221 төлем ордерімен «Мирас» ЖШС шотына 14 419 000 теңге төледі. «Мирас» ЖШС 24.09.14 күні «Перзент» ЖШС шотына №2037 төлем ордерімен 1 000 000 теңге төледі. «Мирас» ЖШС-тен «Перзент» ЖШС-ке басқа төлемдер болған жоқ. «Тама Дауыл» ЖК жұмысшылары өз ақшаларын өз басшылықтарының олқылықтары кесірінен ала алмаған. Заң бойынша қосалқы мердігер Мердігерге Форма-2 және Форма-3 түріндегі орындалған жұмыс актілерін және орындалған жұмыс актілері шот-фактураларын тапсыруы керек. «Тама Дауыл» ЖК бұл құжаттарды әлі тапсырған жоқ. Енді өзі қайтыс болды. Жатқан жері жарық болсын! «Тама Дауыл» ЖК жұмысшыларына жалақыларын «Перзент» ЖШС қалай бере алады. Бітпей қалған жүргіншілер өткелі үшін журналист «Перзент» ЖШС-ін қалай кінәлай алады? Біз өзіміз шығынға баттық. Ол бұл туралы білді, өйткені, осы көпір туралы бұған дейін мақала жазған болатын. Ал осы жарияланымда «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ басшысы А. Такешев «кім кінәлі болса, сонымен соттасады» деген еді. Сағыздағы көпір туралы осы мақалада тілші әдейі қозғады.
«Тама Дауыл» ЖК қызметкерлері Ж.Ажигулов, С.З.Джансариев, Т.Мекебаев, С.Өмірғали, Р.Қоштаев және Қ.Қылышбаев Атырау қалалық сотына жалақыны өндіріп алу туралы шағым берді, алайда сот 23.01.2015 күнгі шешімімен талап-арызды қараудан бас тартты. Бұл мен туралы жазылған келеңсіз мәліметтердің қате екендігін дәлелдейді.
Сағызда жұмыс жасаған жұмысшылар бір дүкеннен қарызға азық-түлік алып, 80 мың теңге қарыздар болып қалды деген әңгіме бар. Иә, мен бұл туралы естідім. Алайда «Перзент» ЖШС-ның бұған не қатысы бар? Заң бойынша, егер ЖШС дүкеннен тауар алатын болса, шарт жасалып, ақша аударылады, алушыға сенімхат беріліп, сатушы шот-фактура мен фискальды чектер береді. Сатушы Жансая Абилованы мен көрген де жоқпын, онымен мен қалай шарт жасасам? Бұл – жалған, шындыққа жанаспайтын деректер тарату.
Мақат кентінде аудандық прокуратура құрылысы бойынша мен «Нұр - Сервис» ЖШС-пен жалпы сомасы 36 000 000 теңгеге қосалқы мердігерлік шарт жасастым және мердігер нысанды өз уақытында тапсырды, мемлекеттік қабылдап алу актіне қол қойылды. «Перзент» ЖШС пен «Нұр - Сервис» ЖШС арасында өзара есептесу акті бар, бір-бірімізге қояр талабымыз жоқ. Нысанда мен 8 рет болдым және сол жерден бір де бір өзбек көрген жоқпын. Хорезмдік Сабыр Ярашев туралы бірінші рет естіп тұрмын. Мен оны қайда, қашан, қай орынжайға шақырып, ақша беруге уәде берген екенмін? Мен ешкімнің қолына 300 000 теңге берген жоқпын. Бұл – қылмыс. Хорезмнан келген жұмысшылар үшін кім табыс салығын, әлеуметтік салық және зейнетақы төлемдерін төлейді? Бұл сома қайдан шықты? С. Ярашевпен мені ешкім бетпе-бет кездестірген жоқ. Бұл ақпарат БАҚ таратқан нағыз жала және өтірік болып табылады.
Мақала соңында журналист менің мойындамай отырғанымды айтып, жұмысшылардың сотқа жүгінетіндерін жазыпты. Бөтен ұйымның жұмысшыларына ақы төлеуге қандай сот заң жүзінде мәжбүрлей алады? Сот шарт бойынша орындалған жұмыс үшін ғана келесі фирмаға ақша аударуды міндеттей алады. Ал заң білмейтін журналисті жолаушылар көлігі сияқты жолға шығаруға болмайды. Бұл редакцияның кінәсі. Журналист үлкен қауіп төндіруі мүмкін.
Нақты анықталмаған ақпараттарды ғаламдық желіге таратуға болмайды. Шыдамның шегіне Құрманғазы ауданының Мақаш ауылдық округінің әкімі Карим Төкенов жетті. Ол 23.04.2015 күні Құрманғазы ауданындағы Афанасьев разъездінде орналасқан «Бәйтерек» ПИК басшысына Ш.З. Кушалиев туралы «Ақ Жайық» газетінде жағымсыз ақпарат берілгені үшін «Перзент» ЖШС-пен үйлерді терможаңғырту бойынша жұмыс жасауға тыйым салған. Сонымен қатар, ол ПИК-тің жөндеу бойынша барлық хаттамалары мен «Перзент» ЖШС-тің барлық құрылтайшылық құжаттарының көшірмесін өзімен бірге алып кеткен. Газет сауатсыз әкімдердің заңсыздық жасауына жол ашқандай болды.
Сондықтан да бұл мақала шындыққа сәйкес келмейді, менің ар-намысыма, іскерлік беделіме нұқсан келтірді.
19.05.2015
Ш.З. Кушалиев