Атырау, 6 желтоқсан 04:33
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Новосібірде жоғалып кеткен әлем чемпионының мәйіті табылды

2 049 рет қаралды

Image 0РФ Новосібірде 21 мамырда жоғалып кеткен 25 жастағы каратэден әлем чемпион Антон Кривошеевтің мәйіті табылды, деп хабарлады ТАСС.

«Новосібірдің Октябрь ауданында жолаушы қара қапқа салынған мәйітті тапты», - деді агенттікке ІІМ облыстық басқармасының баспасөз қызметінен.

Антон Кривошеевті полиция мен «ДоброСпас» ұйымының еріктілері іздеген. Еріктілердің ақпаратынша, спортшы үйінен өзінің «Porsсhe Cayenne» маркілі автомобилімен 21 мамырда шамамен сағат 14-те шығып кеткен. Соңғы рет жақындарымен сағат 14:35 байланысқа шыққан.

Кейін оның автомобилі Новосібірдің Октябрь ауданынан табылды. Кривошеевтің құжаттары мен ұялы телефоны онда жоқ болып шықты.

Антон Кривошеев - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 65 келі салмаққа дейінгі дәрежеде каратэ бойынша әлем чемпионы болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

26 мамыр 2015, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.