Атырау, 25 қараша 19:56
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

HRW пен AI Ресейде "ұнамсыз" ұйымдар тізіміне іліккен

1 670 просмотра

Image 0Кейбір ақпараттар бойынша, Ресейдегі "ұнамсыз" үкіметтік емес ұйымдар тізіміне халықаралық Amnesty International (AI) және Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымдары да ілінген.

23 мамырда Ресей президенті Владимир Путин қол қойған заң бойынша, прокуратура шетелдік және халықаралық ұйымдарды "ұнамсыз" деп танып, олардың жұмысын тоқтата алады. "Ұнамсыз" ұйымдар тізімін бас прокуратураға Ресей либерал-демократиялық партиясының депутаты Виталий Золочевский ұсынған. Кейбір мәліметтерге қарағанда, тізімде Карнеги орталығы мен "Мемориал" құқық қорғау орталығы да бар.

Ресей мен батыс елдеріндегі белсенділер заңды қатаң сынаған. АҚШ мемлекеттік департаменті заңды "Ресей үкіметінің тәуелсіз үнді тұншықтыру және ресейліктерді өзге әлемнен оқшаулаудағы тағы бір әрекеті" деп атады.

Сарапшылардың пікірінше, заң - Путин үшінші рет президенттікке отырған 2012 жылдан арта бастаған Кремльдің өз саясатына қарсыларды басып-жаныштау кампаниясының жалғасы саналады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

26 мамыр 2015, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.